Алаш партиясы өз бағдарламасында “салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу” деген бағдарлама ұсынады. Қазір бір ғасыр өткен соң, бұл салық салу жүйесін “прогрессивті салық салу” деп атайды. Прогрессивті салық салу — бұл табыс деңгейі жоғары адамдардан жоғары пайызбен салық алу жүйесі. Яғни, табысы артқан сайын салық ставкасы да жоғарылайды.