Жан-Жак Руссо айтқандай, жабайы адамның өмірі табиғи және жақсы өмір болып табылады. Ол былай деп жазады: «Жабайы адам тамақ жеп болған соң, бүкіл табиғатпен тыныштықта болады және барлық адамға дос болады». Ал қоғамдағы адам керісінше, ол жақсы өмір сүрмейді, жалған өмір сүреді деп айтады. Руссо былай деп жазады: «Ал қоғамдағы адамда бәрі басқа: ең алдымен қажетті нәрселерді табу керек, содан кейін артық нәрселер, кейіннен сән-салтанат, байлық, подданныйлар, кейін құлдар — қоғамдағы адам бір сәт тыныштық таппайды». Адамдардың қажеттіліктері табиғи емес болған сайын, оларды қанағаттандыруға деген құштарлық күшейе түседі, сол себепті қоғамдағы адам ешқашан қанағаттанбайды: ол «барлық адамның өмірін қиып тастайды, ақыры бүкіл әлемнің иесі болады». Міне, осы себептен Руссо қоғамда не байлар, не кедейлер бақытты болмайды деп есептейді.